«Приишимка ауылының НШ» КММ-де «Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам бас» атты сынып сағаты өтті. Іс-шара интернеттегі қауіпсіздік ережелеріне арналды. Оқушылар жеке деректерін қорғау, алаяқтарды тану, кибербуллингтен сақтану және әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану жолдары туралы білді. Іс-шараның мақсаты — цифрлық ортада жауапкершілікпен әрі сауатты әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.